Синоптиктер бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады
Синоптиктер бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады
272
оқылды
"Қазгидромет" бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды. 23-24 наурызда Алматы облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде және шығысында 15-20, екпіні 25 м/с жетеді. Алматы қаласында кей уақытта қатты жауын-шашын жауып, тұман, көктайғақ күтіледі. Ақтөбе облысының орталығында, оңтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15 м/с жетеді. Түркістан облысының таулы аймақтарында қатты жауын, қар жаууы мүмкін. Аймақтың солтүстігінде қою тұман болады. Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде облыстың оңтүстігінде, батысында 15-20, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың орталығында екпіні 23-28 м/с. Түнде 23 наурызда Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қалың қар жауады. Облыстың солтүстік-батысында, батысында, солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан облыстың солтүстік-батысында, батысында, солтүстік-шығысында 15-20, екпіні 23 м/с. Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман болуы ықтимал. Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында бұрқасын, облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік жартасында 15-20, екпіні 23 м/с жетеді. Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында жаяу бұрқасын болжанады. Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде жаяу-бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында тұман, көктайғақ күтіледі.