ШҚО-да боранға байланысты көлік қозғалысы шектелді
ШҚО-да боранға байланысты көлік қозғалысы шектелді
Фото: obk.kz
108
оқылды
Шығыс Қазақстан облысында боранға байланысты бірқатар жолда көлік қозғалысына шектеу қойылды. ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ауа райы қолайсыздығына, нақты айтқанда боран соғып, жолдың дұрыс көрінбеуіне байланысты өңірде бірқатар жолда көлік қозғалысы шектелген. «Омбы-Майқапшағай» тасжолының 756-906 шақырымында (Семей қаласы мен Қалбатау ауылының аралығы) және «Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» тасжолының 35-123 шақырымында тіркемесі бар жүк көліктері мен автобустардың қатынауына тыйым салынды», – деп хабарлады ведомстводан. Департамент мамандары тұрғындарға алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес береді.