Украинада қалған Қазақстан азаматтарын елге алып келу үшін тағы бір рейс ұйымдастырылады
Украинада қалған Қазақстан азаматтарын елге алып келу үшін тағы бір рейс ұйымдастырылады
Фото: yandex.kz
203
оқылды

Украинада қалған отандастарымыз үшін тағы бір әуе рейсі 25 наурызда ұйымдастырылмақ.

Ұшақты Катовице қаласынан (Польша) ұшыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Украинадағы Қазақстан елшілігі мәлімдеді.
«Арнайы рейспен Қазақстанға ұшу үшін азаматтар 24 наурызға дейін Львов қаласына немесе 25 наурызға дейін өз күшімен Катовицеге жетуі тиіс. Катовицеде тұратын орын ұсынылуы мүмкін. Осы рейспен ұшқысы келетіндер құжат (төлқұжат, баланың туу туралы куәлігі, неке туралы куәлік) көшірмелерін осы нөмірге +380673470408 (WhatsApp) жолдауы тиіс. Жүк бойынша нормалар стандартты әуе сапары талаптарына сәйкес болады. Осы бортпен шығатындар үшін ПТР-тест талап етілмейді» делінген ресми хабарламада.

Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский Ресеймен келіссөзден нәтиже шықпай жатқанын айтқан еді.