Қазақстанға шетелден 6 көлікті заңсыз әкеле жатқан азаматтар шекарада ұсталды
Қазақстанға шетелден 6 көлікті заңсыз әкеле жатқан азаматтар шекарада ұсталды
153
оқылды

Түркістан облысында кеденшілер қазақ-өзбек шекарасында Өзбекстаннан Қазақстанға келе жатқан үш жүк көлігін ұстады. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады.

Үш жүк көлігінің ішінде тиісті құжаттары жоқ 6 шетелдік жеңіл көлік болғаны анықталды. Күдікті ретінде Қазақстан азаматтары ұсталды.  width= Тауардың құны – шамамен 70 миллион теңге. Ұсталған жүк Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеу департаментіне тапсырылады.

Бұған дейін пойыз арқылы доллар алып өтпек болған машинистер  ұсталған еді.