Түркістан облысында кеденшілер қазақ-өзбек шекарасында Өзбекстаннан Қазақстанға келе жатқан үш жүк көлігін ұстады. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады.
Үш жүк көлігінің ішінде тиісті құжаттары жоқ 6 шетелдік жеңіл көлік болғаны анықталды. Күдікті ретінде Қазақстан азаматтары ұсталды.Бұған дейін пойыз арқылы доллар алып өтпек болған машинистер ұсталған еді.