Каспий құбыр консорциумындағы апат: мұнай экспортына әсер ете ме?
Каспий құбыр консорциумындағы апат: мұнай экспортына әсер ете ме?
Фото: news.myseldon.com
307
оқылды

Ауа райының қолайсыздығынан Каспий құбыр консорциумының құбыр жүйесіне зақым келді. Сондықтан Қазақстан мұнай экспортын баламалы бағыттар бойынша ұлғайту мүмкіндіктерін қарастырып жатыр. Бұл туралы Энергетика министрлігі хабарлады.

Новороссийск аймағында дүлей дауыл соғып, Каспий құбыр консорциумы терминалына зақым келген. Кеше кезектен тыс тексеру барысында арнайы 3-жабдықтың тірегі орнынан жылжып кеткені, 2-жабдыққа зақым келгені анықталды. Сондықтан КҚК жөндеу жүргізу үшін жабдықтардың жұмысын уақытша тоқтатады. Энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумымен теңіз терминалының жұмысын қалпына келтіру мәселесін талқылап жатыр. Мұнай экспортын баламалы бағыттар бойынша ұлғайту жайы қарастырылуда.