Қытайда апатқа ұшыраған жолаушылар ұшағының «қара жәшігі» табылды  
Қытайда апатқа ұшыраған жолаушылар ұшағының «қара жәшігі» табылды  
Фото: yakutsk.ru

Қытайда апатқа ұшыраған «Боинг» ұшағына тиесілі екі «қара жәшіктің» біреуі табылды, – деп жазады 24.kz.

Жергілікті авиация саласы мамандарының мәліметінше, "қара жәшікке" қатты зақым келген. Екіншісі іздестіріліп жатыр. Осы уақытқа дейін ұшақта болған адамдардың мәйіті табылған жоқ. Тек қана құжаттары мен киімдері ғана анықталды. Ұшақта 123 жолаушы мен 9 экипаж мүшесі болған. Ұшақтың сынықтарын құтқарушылар Тэнсянь уезіндегі таулы аймақтан тапқан.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдағанын хабарлаған болатынбыз.