Синоптиктер бірнеш өңірде ескерту жариялады. 24 наурызда Маңғыстау облысының солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с күтіледі. Қостанай облысының солтүстігінде жаяу-бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында және оңтүстігінде тұман күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстын жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Ақтөбе облысының орталығында, солтүстігінде тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, түнде облыстың орталығында, күндіз солтүстік-шығысында екпіні 18 м/с күтіледі. Атырау облысының батысында, шығысында және орталығында тұман күтіледі. Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде облыстың солтүстігінде 15-20, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 25 м/с. Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Түркістан облысының тау етегіндегі аудандарында баурайлық ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі. Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі. Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде 15-20, солтүстігі мен шығысында екпіні 23-28 м/с. Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с. 24 наурызда Нұр-Сұлтан қаласында түнде жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.