WBO Әлімханұлының титулдық жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады
WBO Әлімханұлының титулдық жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады
136
оқылды
Бүкіләлемдік бокс ұйымы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының (11-0, 7 КО) орта салмақта уақытша "чемпион" атағы үшін WBO Europe титулына ие британиялық Дэнни Дигнуммен (14-0-1, 8 КО) жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды  Vesti.kz сайты. WBO мәліметінше, боксшылардың командалары он күн ішінде келісімге келе алмаған. Енді бұл айқасты өткізу құқы үшін промоутерлік сауда белгіленеді. Оның өту уақыты 28 наурыз, сағат 10:00. Ұсынылатын ең кем баға 200 мың АҚШ доллары. Сонымен қоса, Әлімханұлы мен Догнум арасындағы айқас промоутерлік сауда өткен сәттен 45 күннен кейін және үш айдан кеш емес уақытқа жоспарлану міндет.