Павлодар облысында боранда жолға шыққан екі адам көз жұмды
Павлодар облысында боранда жолға шыққан екі адам көз жұмды
Фото: yandex.kz

Полиция департаментінің мәліметінше, кеше сағат 22:50-де Омбы-Майқапшағай тас жолының Новоямышево ауылы тұсында Toyota Camry 20 жүргізушісі боранда жол көрінбейтін жерде 25 жастағы жігітті қағып кеткен.

25 жастағы жігіт жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен. Апат салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды. Pavlodarnews.kz-тің жазуынша, тағы бір оқиға сол күні сағат 18:30-да Павлодар-Ленин кенті жолында болды. Мұнда «Лада Приора» автокөлігінің 38 жастағы жүргізушісі боранда рульге ие бола алмай, жол шетіндегі темірге соғылған. Жүргізуші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Бүгін де солтүстік өңірлерде қар жауып, боран соғады.