Ауа райына байланысты 5 аймақта жол жабылды
Ауа райына байланысты 5 аймақта жол жабылды
Фото: gtrk.tv
243
оқылды

Ауа райына байланысты республикалық маңызы бар жолдарға уақытша шектеулер енгізілді.

Ақмола облысы «Жезқазған-Петропавл» а/ж 377-440 шақырымы, Қостанай облысының шекарасы мен Державинск қаласының аралығы. Павлодар облысы «Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті» а/ж 200-254 шақырымы, Шідерті қаласы мен Ақмола облысының шекарасы аралығы. Шығыс Қазақстан облысы «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» а/ж 707-941 шақырымы, Аягөз қаласы мен Бұғаз ауылы аралығы. Қарағанды облысы «Жезқазған-Петропавл» а/ж 142-252 шақырымы, Сарлық ауылы мен Қостанай облысы шекарасының аралығы. Қостанай облысы «Жезқазған-Петропавл» а/ж, 252-340 шақырымы, Қарағанды облысы шекарасы мен Арқалық қаласының аралығы. «Жезқазған-Петропавл» а/ж 340-377 шақырымы, Арқалық қаласы мен Ақмола облысының аралығы.

Құтқарушылар қауіпсіз және үздіксіз жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында тәулігіне 24 сағат жұмыс істеп жатыр.