Жамбыл облысында екі көпірден қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылды, - деп жазады polisia.kz.
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД қарасты ЖД-158/4 мекемесінің жедел бөлімінің қызметкерлері бір травматикалық тапанша мен 39 дана 5,45 калибрлі оқ-дәрі тапты. Қару-жарақ Жамбыл ауданындағы Аса өзенінен Бірлесу ауылына өтетін көпірден табылды.Табылған бұл қару-жарақтар Қаңтар оқиғасы кезінде Жамбыл облыстық Полиция департаментінен ұрланған болуы да мүмкін.