«Қазпоштадан» 294 миллион теңге жымқыру, Шымкенттегі атыс... – он күнде 353 күдікті ұсталды (видео)
«Қазпоштадан» 294 миллион теңге жымқыру, Шымкенттегі атыс... – он күнде 353 күдікті ұсталды (видео)
Фото: otyrar.kz
154
оқылды

«Іздестіру» операциясының нәтижесінде, іздеуде жүрген 353 күдікті  ұсталды, – деп хабарлайды рolisia.kz.

ІІМ республика аумағында ТМД елдерімен бірлесіп, «Іздестіру» операциясын өткізді. Криминалдық полиция қызметкерлері ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеудегі қылмыскерлерді ұстады. Атап айтқанда, Қостанай облысының Лисаковск қаласында бастамашының іздестіру тапсырмасы бойынша Талдықорған қаласында бұрынғы жұбайын өлтіруге оқталғаны үшін биыл қаңтардан бастап Алматы облысының ПД іздестіруіндегі Талдықорған қаласының 30 жастағы тұрғыны ұсталды.   https://youtu.be/Fd_6EmYyaiQ Ақтөбе облысы Алға қаласында 2021 жылғы қыркүйекте мейрамханада пышақпен жарақаттап, екі тұрғынын өлтіруге оқталғаны үшін іздеуде жүрген Ақтөбе облысының 52 жастағы тұрғыны ұсталды. Алматы облысы Жамбыл ауданының Қарғалы ауылында Қызылорда облысының ПД жедел тобы 2021 жылғы маусымда Қызылорда қаласында жанжал кезінде пышақ жарақатын салып, 25 жастағы жігітті өлтіруге оқталғаны үшін іздеудегі 43 жастағы қызылордалықты ұстады. Алматы қаласында Жамбыл облысының ПД жедел тобы 37 жастағы ер адамды ұстаған, ол 2021 жылғы мамырда Жамбыл облысы Мерке ауылында 13 жастағы тұрғынды зорлаған. Шымкентте Ташкент қаласында жұбайын өлтіргені үшін 2003 жылғы сәуірден бастап іздеуде жүрген 59 жастағы Өзбекстан азаматшасы ұсталды. Нұр-Сұлтан қаласында жәбірленушілерге тиесілі Audi-80 көлігін иемденіп алу мақсатында екі адамды өлтіргені үшін 1997 жылғы қыркүйектен бастап Ростов облысының ІІБ іздестіруіндегі РФ 52 жастағы азаматы ұсталды. Ақтау қаласында «Мухамед» азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасағаны үшін 2008 жылғы қыркүйектен бастап Түрікменстанның Ашхабад қаласының ІІББ іздестіруіндегі 55 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Операция барысында ТМД аумағында ішкі істер органдарының қызметкерлері мемлекетіміздің құқық қорғау органдарының іздестіруіндегі адамдарды ұстаған. Мәселен, РФ Хабаровск аймағында қылмыстық іздестіру қызметкерлері Теміртау қаласының шетінде тапқан атыс бытыраңқы жарақаттарынан қайтыс болған адамның мәйітіне қатысты қала тұрғынын ұрлап, оны өлтірген сыбайласы ретінде 2015 жылғы тамыздан бастап іздестірудегі Теміртау қаласының 36 жастағы тұрғынын ұстаған. Өзбекстан Республикасы Ташкент қаласында Сарыағаш қаласының кәсіпкерінен 25 млн теңгені бопсалағаны үшін биыл наурыздан бастап іздеудегі Түркістан облысының 30 жастағы тұрғыны ұсталды.
Тәжікстан Республикасының Соғды облысында 2019 жылғы қазанда Шымкент қаласында «Сүндет» дәмханасында кісіні атып өлтіргені үшін Шымкент қаласының ПД іздестіруіндегі Қазақстанның 27 және 30 жастағы азаматтары ұсталды.
Самар облысының Тольятти қаласында Павлодар облысының ПД іздестіру тобы 2020 жылғы маусымда «Қазпошта» АҚ-ның ақпараттық жүйесіне заңсыз қол жеткізу арқылы адамдар тобында қайталама транзакция жасап 294 млн теңге жымқырған 39 жастағы ер адамды ұстаған. Он күнде іздеудегі 353 қылмыскер анықталып, ұсталды. Оның ішінде, кісі өлтіргені үшін – 11, денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін – 17, қарақшылық шабуылдар жасағаны үшін – 5, тонаулар – 8 және қорқытқаны үшін – 1 адам анықталып, ұсталды. Шетелде – 39 (Ресейде – 23, Өзбекстанда – 8, Қырғызстанда – 4, Тәжікстанда, Польшада, Моңғолияда және Латвияда 1-ден);

ТМД-да – 152 (Ресей  – 101, Өзбекстан – 24, Қырғызстан – 19, Түрікменстан – 4, Беларусь – 3 және Тәжікстан үшін – 1), Грузия мен Оңтүстік  Корея үшін бір-бірден. Сондай-ақ, 122 хабар-ошарсыз жоғалған адамның тұрған жері анықталды. Оның ішінде, 4-еуі ТМД (РФ – 3 және Өзбекстан – 1) бойынша іздеуде болған. Үш танылмаған мәйіттің жеке басы анықталды.