Путиннің жақтастарының бірі қызметінен кетті

Путиннің жақтастарының бірі қызметінен кетті

Анатолий Чубайс өз өтінішімен Ресей президентінің тұрақты даму мәселелері бойынша арнайы өкілі қызметінен кетті, – деп хабарлады РБК.

«Бір жаққа кеткені, кетпегені оның жеке шаруасы», – деді РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.
Ресей президенті климаттағы өзгерістер мәселелері бойынша арнайы өкілі Руслан Эдельгериев Чубайстың қызметінен кеткенін растады. Бұдан бұрын Bloomberg дереккөздері хабарлағандай, Чубайс қызметінен босап, Ресейден кетіп қалған. Саясаткердің елден кетуі Украинаға қатысты ұстанымымен байланысты.  Bloomberg Чубайсты Владимир Путиннің бағытын жақтаушы деп атады. Чубайстың екі танысы оның жұбайымен Стамбулға кетіп қалғанын хабарлаған.