Ресей Қазақстан мен Моңғолия шекарасынан өтуге шектеуді алып тастады
Ресей Қазақстан мен Моңғолия шекарасынан өтуге шектеуді алып тастады
© qostanai.media
323
оқылды
Ресей 30 наурыздан бастап Қазақстан және Моңғолия шекараларынан өтуге қойылған шектеуді алып тастайды. Бұл туралы бейсенбі күні журналистерге коронавирус инфекциясымен күрес жөніндегі жедел штаб мәлімдеді, – деп хабарлайды ТАСС
«Жаңа коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі жедел штаб 2022 жылғы 30 наурыз, Мәскеу уақытымен сағат 00:00-ден бастап Ресей-Қазақстан шекарасының құрлық учаскесі арқылы Қазақстан азаматтарының Ресейге кіруіне және Ресей азаматтарының Қазақстанға шығуына қойылған шектеулерді алып тастау туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ Моңғолия азаматтары Ресейге және Ресей азаматтары Моңғолияға Ресей-Моңғолия шекарасының құрлық учаскесі арқылы өте алады», – деп хабарлады штаб.
Штаб мәліметінше, Моңғолиядан Ресейге келетін шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға да шектеулер алынып тасталды. Ресей 2021 жылдың 1 желтоқсанынан бастап Моңғолиямен, 2020 жылдың 21 қыркүйегінен бастап Қазақстанмен әуе қатынасын қалпына келтірді.