Елордада мектептегі қыз ұзату дәстүрінен көрініс: жігіт қызды үйіне алып кетті

Елордада мектептегі қыз ұзату дәстүрінен көрініс: жігіт қызды үйіне алып кетті

Елордадағы № 61 мектепте қыз ұзату дәстүрі қалай өткізілетіні көрсетілді. Видеоны Qumash Телеграм-каналы жариялады.  Жігіт пен қыздың рөлін дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері сомдаған.

«Алайда шараның соңында бұл жай көрініс емес, кәдімгі қыз ұзату болғаны белгілі болды. Олжас ағай Мадина апайды үйіне алып кетті. Үйде оларды туыстары күтіп алды. Келін де хабардар екен. Той жазда Шымкентте болады деп жоспарланған», – делінген Qumash хабарламасында.