Мемлекет басшысы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровты қабылдады, – деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа министрліктің биылғы атқаратын негізгі міндеттері, сондай-ақ пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономиканы дамытуға көшу шаралары жөнінде және оның сыртқы сын-тегеуріндерге төтеп беруіне қатысты ақпарат берілді.