Алматыда “Камерад” қару-жарақ дүкенін тонаған тағы екі адам ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Ұсталғандар 27-28 жас аралығындағы Алматы облысының екі тұрғыны. Олардың бірі бұрын бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін сотты болған.
https://youtu.be/ANC41Zy-_RA
"6 қаңтарға қараған түні олар “Камерад” қару-жарақ дүкенін тонап, одан 5 тегіс ұңғылы мылтық, патрондар мен оқ өтпейтін жиделерді ұрлаған. Күдіктілер ұсталды және қамауға алынды. Заттай айғақтар тәркіленді. Ұсталғандардың басқа да, соның ішінде жаппай тәртіпсіздіктер кезінде орын алған қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде", – деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.
Қылмыстық іс ҚК-нің 291-бабы, 3-бөлігі бойынша тергеліп жатыр.