Ескекшілер 5 алтын медаль алды
Ескекшілер 5 алтын медаль алды
199
оқылды
Таиландта өтіп жатқан  байдарка мен каноэде есуден Азия чемпионатында  қазақстандық спортшылар 10 медальге ие болды. Olympic.kz сайтының мәліметтеріне қарағанда, ескекшілер 5 алтын, 1 күміс, 4 қола медаль алған.  Атап айтқанда,  әйелдер төрттік байдарка бойынша 1000 метрге  жарысудан Татьяна Токарницкая, Ирина Подойникова, Наталья Сергеева, Анастасия Березовская  төрттігі алтын алса,  дәл осы қашықтықта  екілік байдаркада ерлер арасынан  Кирилл Тубаев, Александр Емельянов топ жарған.  Сонымен қатар екілік байдаркада әйелдер арасынан 1000 метрде Татьяна Токарницкая, Ольга Шмелева,  ерлер арасындағы  төрттік каноэдан 1000 метрге жарыста  Әнуар Әлмағанбетов, Сергей Емельянов, Мерей Медетов, Тимофей Емельянов төрттігі алтын медальге ие болды. Тағы бір алтын медальді 1000 метрге төрттік каноэден әйелдер арасында өткен жарыста Гүлжайна Тыныбекова, Дарья Корыткина, Ульяна Кисилева, Ольга Сурминалар еншіледі.