Наурыз мейрамын игі істерден бастады
Наурыз мейрамын игі істерден бастады
167
оқылды
Наурыз мейрамы қар­са­ңын­­да «AMANAT» партиясы еліміз бойынша 700-ден ас­там мұқ­таж отбасыға көмек бер­ді. Олардың қатарында аз қам­тыл­ған, көп­ба­­лалы неме­се ерекше қажет­ті­ліктері бар ба­­лаларды тәрбие­леп отыр­ған отбасылар, сон­дай-ақ зей­­­­­­нет­кер­лер, тыл ең­бек­кер­ле­рі және Екінші дүние­жүзілік со­ғыс ар­дагерлері бар. Мәс­ли­хат де­пу­таттары мен де­­меу­­­­шілер азық-түлік жиын­ты­ғын, тұрмыстық техника, бі­рін­­ші ке­зекте қажетті тауар­лар мен атаулы қаржылай кө­­мек көрсетті. Мәселен, Алматыда партия­лық­тар психикалық және физи­ка­лық дамуында аутқуы бар бала­ларға арналған орталықта болды. Қала­лық мәслихат депутаты Ералы Сау­ранбаев тәрбиеленушілерге ме­ре­келік дастарқан ұйымдас­тыр­ды. Өскеменде партия белсенділері жалғыз тұратын қарттарға барып, мерекелік сыйлықтар табыс етті. Со­лардың бірі, тыл еңбеккері Шың­­­­ғыс Құсманұлы партиялық­тар­ға алғысын айтып, батасын бер­­ді. «Партия қарттарға қамқорлық танытып, құрмет көрсетеді. Қара­па­­йым сөзбен айтқанда, жай ғана біз­­бен тілдесудің өзі өте маңыз­­ды», – дейді Шыңғыс Құсманұлы. игі іс Павлодар қаласында «АМАNАТ» партиясынан сайлан­ған қалалық мәслихат депутаттары да жақсылық жасаудан шетте қал­мады. Бір зей­неткерге қымбат дәрі-дәрмек сатып алса, екіншісіне коммуналдық қыз­мет үшін төлен­беген қарызын өтеуге көмектесті. Азық-түлік жиынтығы түрінде кө­мекті көпбалалы әке Олег Клейн де алды. «Шынымды айтсам, теле­фо­ныма қоңырау шалып, келетіндерін айт­қанда күтпеген қуанышты жағ­дай болды. Мен ауырғаннан кейін мү­ге­дек болып қалдым. Осындай жағ­­дай­да біздің отбасымызға қол­дау көр­се­тіп қол ұшын созды. Теле­дидарымыз жанып кеткендіктен, жаңасын сыйға тартты. Аманат­тықтарға алғысымды айтамын», – деді ол. Шымкентте қалалық партия фи­лиалының белсенділері 10 бала, 40 немере тәрбиелеп отырған Мырзабе­ков­тер отбасында болды. Олар пар­тия мүшелеріне қамқор­лық көр­сеткені үшін алғыс білдіріп, «АМАNАТ»-ты жаңғыртуды қол­дайтынын жеткізді. Ал Көкшетау қаласында ама­наттықтар аз қамтылған отбасы­ларға азық-түлік жиынтығын та­рат­са, кейбіріне тікелей қаржылай көмек көрсетті. Қайырымдылық ша­расы аясында жергілікті мәс­лихат депу­тат­тары көпбалалы ана Самал Сұлтанованың үйіне барып, азық-түлік себетін табыстап, ұлына мек­тепте тегін тамақ беру мәселесі оң шешімін тапқанын хабарлады. көмек Айта кетсек, Наурыз мейра­мы­ның алғашқы күндерінде 737 отбасы тікелей көмекпен қам­тыл­ды. Де­генмен алдағы уақытта да мұндай игі істер жалғасын табатын болады. Еске сала кетейік, тұрғындар өз­­­­дерін толғандырған мәселелері бойынша «AMANAT» партия­сы­ның Республикалық қоғамдық қа­был­дау бөлмесіне келесі бай­ла­ныс нөмірлері арқылы хабарла­суы­на болады: Call-орталық: 8 800 080 4441 (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін); WhatsАpp: 8 700 800 4441 Сонымен бірге партияның рес­публикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің базасында отбасы, әйел­дер және балалардың құқық­тарын қорғау, сондай-ақ тұрмыстық зор­лық-зомбылыққа қарсы іс-қи­мыл мә­­селелері бойынша «111 шұ­ғыл қыз­меті» арнайы байланыс орта­лы­ғы жұмыс істейді.

Нұрғайша ӘБДІРАМАН