Абақтыда жазасын өтеп жатқан адам телефонды протез аяғына салып өтпек болды
Абақтыда жазасын өтеп жатқан адам телефонды протез аяғына салып өтпек болды
Фото: polisia.kz

Астанада сотталған адам екі телефонды протез аяғына салып өтпек болды, – деп жазады Polisia.kz.

Абақты қызметкерлері тінту кезінде оң протез аяқ пен табанның астынан дәкемен оралған екі смартфонды тапты. Ол бұған дейін де телефонды абақтыға апаруға тырысқан. Күртешенің ішкі қалтасына жасырған, ол табылған кезде телефонның экранын сындырып, батареяға ұрған.
«Абақты аумағына тыйым салынған заттарды қулықпен кіргізу тәсілдері таңғалдырады. Алайда ЕЦ-166/10 мекемесі қызметкерлерінің қырағылығының арқасында сотталғандардың пайдалануға тыйым салынған заттарды алып өтуінің алдын алуға болады», – деді мекеме бастығының режим және жедел жұмысы жөніндегі орынбасары Нұрсұлтан Айтбеков.

Бұған дейін абақтыға бананның ішіне телефон жасырғандар туралы жазған болатынбыз.