Ескертуді елемей жолға шыққан 300 көліктің жолаушысы «Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті» жолында тұр
Ескертуді елемей жолға шыққан 300 көліктің жолаушысы «Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті» жолында тұр
Фото: ТЖД-нен алынды
118
оқылды

Бораннан Ақмола облысы «Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті» жолында 300 автокөлік тұрып қалды.

Жолда қар құрсауында қалған көліктер мен адамдарды эвакуациялау жалғасып жатыр. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бораннан Ерейментау ауданында жолдарды қар басып қалды. Ақмола және Павлодар облыстарының шекарасында ақтүтек боран соғып тұр. Азаматтар ескертуге қарамастан, жолға шығып, қиындыққа тап болып жатыр.
«Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті » автожолында 300-ге жуық автокөлік тұрып қалды. Жылыту орындарына 45 адам, оның ішінде 10 бала эвакуацияланды. Қазірге кезде көліктерді автоколоннамен астанаға жеткізу мәселесі шешілуде» делінген ресми хабарламада.
Көлік кептелісі жолдағы қарды күреуге кедергі келтіріп жатыр.