Қарағандыда 57 миллион теңге жымқырған кәсіпкер сотталды
Қарағандыда 57 миллион теңге жымқырған кәсіпкер сотталды
Фото: time.kz
235
оқылды

Қарағандыда «ЖилОтделСтрой» ЖШС басшысының алаяқтығына қатысты тергеу аяқталды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі хабарлады.

ҚМА Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаменті 2015-2019 жылдары Қарағанды магистральдық желі филиалы станцияларындағы қоршау жолдарының құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау кезінде А.Б. Құдайқұлов жұмыс көлемін асыра бағалау арқылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ жалпы сомасы 57 млн астам теңге көлеміндегі қаражатын жымқырғаны анықталды. Тергеуде шығын бюджетке толық көлемде кері қайтарылды. Сот үкімімен Құдайқұловқа 6 жылға (шартты түрде) бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Бұған дейін «Қазпоштадан» 294 миллион теңге жымқырған алаяқ ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.