Жолда жатқан иттің өлексесін көлігімен сүйреген жүргізуші ұсталды
Жолда жатқан иттің өлексесін көлігімен сүйреген жүргізуші ұсталды
Фото: azh.kz
137
оқылды

Полиция Алматы облысында иттің өлексесін көлігімен сүйреген жүргізушіні ұстады.

Полиция департаментінің мәліметінше, видео 24 наурызда Шамалғанда түсірілген. Toyota көлігінің жүргізушісі 56 жастағы жергілікті тұрғын екені белгілі болды.
«Ер адам жол ортасында жатқан иттің өлексесін көліктерге кедергі келтіргені үшін ауыл шетіне сүйреп апарып тастамақ болған. Қазір айғақ заттар тексеріліп жатыр», – дейді полицейлер.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Сандугаш Дуйсенова (@angry_taldyk)

Бұған дейін қаңғыбас ит-мысықтың мәселесін жазған болатынбыз.