Шекараны заңсыз кесіп өтіп, есірткі тасымалдаған шетелдіктер сотталды
Шекараны заңсыз кесіп өтіп, есірткі тасымалдаған шетелдіктер сотталды
Фото: gov.kz
140
оқылды

Қазақстанның мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өтіп, есірткі тасымалдаған шетелдіктер сотталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады.

Былтыр қазан айында Шекара қызметі мен ҰҚК Маңғыстау облысы бойынша департаменті Каспий теңізі су айлағындағы бірлескен іс-шаралар барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өткені үшін екі шетел азаматы бар «Амур» типті шағын кемені ұстады.    width= Олардан салмағы 14 келі апиын, 8 келі гашиш және метадонның 29 пластинасын тәркіледі. 2021 жылғы желтоқсанда ұсталғандардың бірі 392-баптың 1-бөлігі (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту) бойынша кінәлі деп танылып, 5 жыл мерзімге ҚР шегінен шығарумен 6 айға бас бостандығынан айырылды.    width= Биыл 10 наурызда Мамандандырылған ауданаралық сот екінші шетелдікті Қылмыстық кодекстің 286-бабы 4-бөлігі, 297-бабы 3-бөлігі 1, 3-тармақтары және 392-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп таныды.

Ол 17 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді.