Боран, тұман, көктайғақ: алдағы 3 күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
Боран, тұман, көктайғақ: алдағы 3 күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
© inform.kz
169
оқылды
"Қазгидромет" РМК 26-28 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады. 
"Скандинавия аудандарынан келетін циклон, республиканың батыс және солтүстік өңірлеріне ауысады, ал Қазақстанның оңтүстік және орталық аудандары оңтүстік циклонның ықпалында қалады. Ол жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашынды алып келеді: елдің солтүстігі мен батысында оған қоса боран, оңтүстігінде негізінен жаңбыр, ал таулы, тау бөктеріндегі аудандарда – қатты жауын-шашын, тұман, көктайғақ болады. 28 наурызда елдің оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөлігін, жауын-шашынсыз ауа райын әкелетін антициклон анықтайды. Республика бойынша жел күшейеді. Солтүстікте түнгі температура 10...20-дан 5...15 аязға дейін, күндіз 0...8 аяздан 5 аяз...3 жылуға дейін, оңтүстік жартыда: түнде 6 аяз...5 жылу аралығында, күндіз 12...17-ден 5...10 жылуға дейін төмендейді, елдің батысында: түнде 5 аяз...5 жылу, күндіз термометр бағандары 0...10 градус жылуды көрсетеді,", - делінген хабарламада.