Бас прокуратура Заманбек Нұрқаділовтің қаза болу фактісіне қатысты мәлімдеме жасады
Бас прокуратура Заманбек Нұрқаділовтің қаза болу фактісіне қатысты мәлімдеме жасады
Фото: lacceit.ucoz.ru
Бас прокуратура Заманбек Нұрқаділовтың қаза болу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді қайта бастағаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. 
"Әлеуметтік желілерде Бас прокуратураның Заманбек Нұрқаділовтың қаза болу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді қайта бастағаны туралы ақпарат таралуда. Бас прокуратура бұл мәліметтердің шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Қайрат Нұрқаділовтың арызын ведомство қарауда", – делінген хабарламада.
2005 жылы 12 қарашаның кешінде Алматы полициясына Заманбек Нұрқаділовтің зәулім үйінде қайғылы оқиға болғаны жайында суыт хабар түскен. Шамамен сол уақытта үй күзетшісінен де дәл сондай хабар түседі. Саясаткердің мәйітін тексергенде үш жерден оқ тигені анықталған. Мәйіттің жанында 1998 жылы ішкі істер министрлігі Нұрқаділовке берген «Кобальт» маркалы жеке тапаншасы болған. Бұған дейні Заманбек Нұрқаділовтің ұлы Қайрат Нұрқаділов «Уақыт көрсетеді» бағдарламасында әкесі туралы ашық сұхбат бергенін жазған болатынбыз.