Тимур Бекмамбетовтің анасының бейіті талқандалды
Тимур Бекмамбетовтің анасының бейіті талқандалды
512
оқылды

Белгісіз біреулер режиссер Тимур Бекмамбетовтың анасы Мирра Богословскаяның бейітін бұзып, талқандап кеткен. Тіпті, бейітті айнала қоршаған темір шынжырдың бір бөлігін жұлып та алған. Қоршаудың бәрін бұзып тастауға шамалары жетпеген секілді. Бұл туралы «Әлия» атыраулық еврей этно-мәдени бірлестігінің жетекшісі Павел Ткач қала әкімінің жиналысында айтқан.

Оның айтуынша, зират басындағы ұрлық жайында сөз еткеніне бірнеше жыл болған. – Мәйіт басының талқандалып, тонап жатқанына бірнеше жыл болды. Тіпті өз әкемнің басын күл-талқан еткен. Оның арасында соғыс майдангерлерінің, еңбек майдангерлерінің де бейіттері бұзылған. Тіпті, Тимур Бекмамбетовтің анасының бейіті де бүлінген. Әр жиналыс сайын айтумен келемін. Бірақ ештеңе өзгерер емес. «Баяғы жартас, сол жартас» күйінде тұр. «Жөндеу жасаймыз» деген әкімдікте бұл істі қолына алмаған. Тіпті, «өздерің кінәлісіңдер, темірді өткізіп жатқанда хабарлау керек» деп мәселені өздеріне жаба салды, – дейді Павел Ткач. [caption id="attachment_189249" align="alignnone" width="1200"]Тимур Бекмамбетов ©caravan.kz[/caption] Жергілікті билік «ноғай» мұсылмандары зиратының іргесінде орналасқан христиан зиратын 2015 жылдан бері иелік етуге «Кульчиев» ЖК жеке кәсіпкердің сенімгерлік басқаруына берген. Сол кезге дейін христиандардың аза тұтатын жерін жерлеуге арналған арнайы бюро қызмет көрсеткен. Соның өзінде кәсіпорын жұмысшылары қоршаулардың, кресттердің толассыз ұрланып, бейіттерді бұзып, сындыратынын айтқан. Қанша жыл өтсе де, мәселенің өзгермегенін зираты қарауында ұстайтын басшы да қостады. – Зират басында ештеңе қалмады. Тонайтынын тонап, бүлдіретінін сындырып болды. Соның өзінде бұл бұзақылық тыйылар емес. Қорымға келіп-кететін көлік көп. Кірерде оларды тексеріп бастап еді, жергілікті тұрғындар наразылық танытты. Содан көліктерді тексермейтін болдық. Бірақ біз олай істеуге толық құқылымыз. Ал қорымға бейнекамера да орнаттық, бірақ бүкіл аумақты бақылауға ала алмаймыз, – дейді Сырым Кульчиев.