Екі полицейдің өрт сөндіру кезіндегі ерлігі видеожетонға түсіп қалды
Екі полицейдің өрт сөндіру кезіндегі ерлігі видеожетонға түсіп қалды
154
оқылды
Павлодарда екі полицейдің өрт сөндіру кезіндегі ерлігі видеоға видеожетонға жазылып қалды.
Павлодар облыстық полиция департаменті таратқан мәліметке сәйкес, 19 наурызда Гагарин көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінен өрт шықты. Оқиға орнына жақын жүрген патруль барған.
Өрт сөндірушілер алдымен екінші қабаттағы пәтердің есігін бұзды. Ішінен көк түтін шықты. Құтқарушылар пәтердің ішінен ер адамды тапты. Ал полицейлер Данат Қамалиев пен Бақытбек Мұжамбетов оны бірден далаға шығарды.
"Ер адамға иіс тиген. Ол дем алмай жатқан. Данат Қамалиев жедел жәрдем келгенде уақытты текке өткізуге болмайтынын түсінді. Сөйтіп, бушлатын шешіп, жерге төседі. Оған зардап шеккен ер адамды жатқызды да, жүрекке массаж істей бастады. Қолдан дем алдыруға да тырысты. Бір кезде ер адам дем ала бастады", - дейді департамент мамандары.