Қазақстандық боксшы қарсыласын 70 секундта нокаутқа түсірді

Қазақстандық боксшы қарсыласын 70 секундта нокаутқа түсірді

Қазақстандық боксшы Нұрбол Сұлтанбай Алматыдағы MTK Kazakhstan бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Sports.kz. Сұлтанбайдың қарсыласы Тәжікстан спортшысы Мехроб Курбонзода болды. Жартылай орта салмақтағы жекпе-жек алты раундқа жоспарланған еді. Алайда отандасымыз қарсыласын бірінші раундтың 70 секундында нокаутқа түсірді. Осылайша, Нұрбол Сұлтанбай кәсіби мансабында сегізінші жеңісіне қол жеткізсе, Мехроб Курбонзода кәсіпқой бокстағы жолын жеңіліспен бастады. Айта кетейік, Нұрбол Сұлтанбай бұған дейін WBC ABC Silver және WBO Asia Pacific (жастар арасында) тұжырымы бойынша чемпион атанған.