Елімізде 97 атыс қаруы сақталған қойма жойылды
Елімізде 97 атыс қаруы сақталған қойма жойылды
141
оқылды
ІІМ атыс қарулары сақталған 97 қойманы жойды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Ішкі істер министрлігі заңсыз айналымнан атыс қаруы мен оқ-дәрілерді, оның ішінде қаңтарда орын алған жаппай тәртіпсіздіктер кезеңінде ұрланған заттарды алып қою жөнінде мақсатты шаралар қабылдауда. Криминалдық полиция ІІО қызметтерімен бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, заңсыз айналымнан 1268 бірлік атыс қаруы, оның ішінде 127 автомат, бір пулемет, 395 тапанша, 144 ойық карабин, 414 тегіс ұңғылы мылтық, сондай-ақ 238 гранат және 33 мыңнан астам түрлі калибрлі оқ-дәрі тәркіленді.