Кишиневтегі жеңіс
Кишиневтегі жеңіс
145
оқылды
UEFA Ұлттар лигасы аясында футболдан Молдова мен Қазақстан Кишинев қаласында кездескен болатын. Әуелі алаң иелері есеп ашты. Бірінші таймның соңына қарай Ион Николаеску мергендігімен көзге түсті. Ал ұлттық құраманың жігіттері екінші таймда ғана белсенді ойнады. 63-минутта Сергей Малый таразы басын теңестірсе, артынша Бахтияр Зайнутдинов ұлттық құраманы алға шығарды. Осылай қортынды есеп 1:2 болды. Қазақстандық футболшылар үшін бұл көптен күткен жеңіс. Өйткені ең соңғы рет 2020 жылдың қыркүйегінде ғана сырт алаңда ұтқан. Ол кезде дәл осы ұлттар лигасы аясында Литвамен кездескен еді. Одан кейін ресми 13 ойынға қатысып, 9-ында есе жіберіп, төртеуін тең аяқтады. Енді Қазақстан мен Молдова 29 наурызда қарымта матч өткізеді. Екі ойын қорытындысы бойынша жеңіске жеткен тарап «С» тобында қалады. Ал есе жібергені төменгі топқа сырғитын болмақ.