Алматыда жылқыны автобуспен тасымалдаған ер адамға айыппұл салынды
Алматыда жылқыны автобуспен тасымалдаған ер адамға айыппұл салынды
Алматыда жылқыны автобуспен тасымалдаған ер адамға айыппұл салынды, деп хабарлады Polisia.kz. Бұған дейін автобус ішінде тасымалданып бара жатқан жылқының видеосы әлеуметтік желіде тараған болатын. Полицияның мәліметінше, бұл дерек әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг нәтижесінде белгілі болды.
«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында біздің бөлімшенің табиғатты қорғау полициясы бөлімі №12 автобуспен жылқысын тасымалдап келе жатқан Ж. есімді азаматты анықтады. Ол өз қателігін бірден мойындады. Жылқы иесі ҚР ӘҚбК-нің 407-2 бабы 1-бөлігінің 5-тармағы (Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасын бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Осы ретте онымен алдағы уақытта мұндай заң бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді, – деді Медеу аудандық Полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.