Сот-медициналық сараптама тағайындалды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz. Оқиға Екібастұздағы ЖШС-нің бірінде 25 наурыз күні сағат 23:00-де орын алған. Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 36 жастағы газ-электр дәнекерлеушісі биіктен құлаған.
- Өндірістік цехта қазандықтың құбырын жөндеу кезінде жұмысшы биіктіктен - 74 метрлік белгіден 51 метрлік белгіге құлап кетті, - деді департаментте.Ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Департаменттің хабарлауынша, 25 наурызда тағы екі оқыс оқиға орын алған. Таңертең Павлодардағы сауда үйлерінің бірінде 28 жастағы жұмысшы жиналмалы баспалдақтан құлап кетті. Ол ауруханаға жатқызылды. Тағы бір жағдайда Павлодардағы АҚ-ның бірінің 45 жастағы дәнекерлеушісі зардап шекті. Дәнекерлеу кезінде оның үстіне бетон плитаның металл бөлігі құлаған. Ер адам басынан жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.