Елде театр қызметі бір жылда 26% қымбаттады
Елде театр қызметі бір жылда 26% қымбаттады
Сурет: © Sputnik / Серикжан Ковланбаев
171
оқылды

2021 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында спорт, демалысты ұйымдастыру және ойын-сауық саласында 400,5 млрд теңгеге қызмет көрсетілді. Бұл оның алдындағы жылмен салыстырғанда 60,9% көп, - деп хабарлайды energyprom.kz сайты. 

Қызметтің 58,4%-ы 233,3 млрд теңгеге Алматы қаласында көрсетілді. Бұл көрсеткіш 2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларымен салыстырғанда 5,7 есе көп. Үздіктер үштігіне келесі өңірлер кірді:
  • астана – 43,6 млрд теңге, бір жылда 37,2% азайған;
  • Қарағанды облысы – 13,9 млрд теңге, 16,7% азайған.
Спорт саласында 114,4 млрд теңгеге, ал демалысты ұйымдастыру мен ойын-сауық саласында 284,8 млрд теңгеге қызмет көрсетілді. Бәрінен көп қызметті спорт клубтары көрсетті – 25,9 млрд теңгеге. Көрсеткіш бір жылда 9,9% артты. Демалыс пен ойын-сауық секторында негізінен саябақтар 9,2 млрд теңгеге қызмет ұсынды. Бір жылда көрсеткіш 77,2% өскен. Осы жылдың ақпан айының қорытындысы бойынша демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласы қызметтері бір жылда 6,2% қымбаттаған. Соның ішінде:
  • театр қызметі – 26,2%;
  • бассейн – 9,6%;
  • балалар аттракционы – 7,4%;
  • кинотеатрлар – 5%;
  • жаттығу залдары – 4,7%;
  • фотограф қызметі – 5,4% қымбаттады.
Өңірлер бойынша бағаның бәрінен көп Алматы облысында қымбаттағаны байқалады: бір жылда бірден 15,2% өскен. Антилидерлер үштігіне келесі өңірлер кірді:
  • Қызылорда облысы – 12,4%;
  • Шымкент – 10,3%.
Мұнымен қатар, Қарағанды облысында аталған сектордағы қызметтердің 0,1% қымбаттағаны байқалады.