2021 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында спорт, демалысты ұйымдастыру және ойын-сауық саласында 400,5 млрд теңгеге қызмет көрсетілді. Бұл оның алдындағы жылмен салыстырғанда 60,9% көп, - деп хабарлайды energyprom.kz сайты.
Қызметтің 58,4%-ы 233,3 млрд теңгеге Алматы қаласында көрсетілді. Бұл көрсеткіш 2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларымен салыстырғанда 5,7 есе көп.
Үздіктер үштігіне келесі өңірлер кірді:
- астана – 43,6 млрд теңге, бір жылда 37,2% азайған;
- Қарағанды облысы – 13,9 млрд теңге, 16,7% азайған.
Спорт саласында 114,4 млрд теңгеге, ал демалысты ұйымдастыру мен ойын-сауық саласында 284,8 млрд теңгеге қызмет көрсетілді. Бәрінен көп қызметті спорт клубтары көрсетті – 25,9 млрд теңгеге. Көрсеткіш бір жылда 9,9% артты.
Демалыс пен ойын-сауық секторында негізінен саябақтар 9,2 млрд теңгеге қызмет ұсынды. Бір жылда көрсеткіш 77,2% өскен.
Осы жылдың ақпан айының қорытындысы бойынша демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласы қызметтері бір жылда 6,2% қымбаттаған.
Соның ішінде:
- театр қызметі – 26,2%;
- бассейн – 9,6%;
- балалар аттракционы – 7,4%;
- кинотеатрлар – 5%;
- жаттығу залдары – 4,7%;
- фотограф қызметі – 5,4% қымбаттады.
Өңірлер бойынша бағаның бәрінен көп Алматы облысында қымбаттағаны байқалады: бір жылда бірден 15,2% өскен.
Антилидерлер үштігіне келесі өңірлер кірді:
- Қызылорда облысы – 12,4%;
- Шымкент – 10,3%.
Мұнымен қатар, Қарағанды облысында аталған сектордағы қызметтердің 0,1% қымбаттағаны байқалады.