Қазақстандық велоспортшы Азия чемпионатынан алтын алды
Қазақстандық велоспортшы Азия чемпионатынан алтын алды
102
оқылды
Велоспортшы Евгений Федоров Азия чемпионатында Қазақстан құрамасына тағы бір алтын әкелді, - деп хабарлайды Olympic.kz. Ерлер арасында жекелей сында элита санаты бойынша қазақстандық Евгений Федоров топ жарды. Ол 24 шақырымды 28 минут 45,197 секундта бағындырды. Екінші орынға жапониялық Нариюки Масуда (+51,548) жайғасса, өзбекстандық спортшысы Мураджан Халмұратов  (+1:13.094) үздік үштікті түйіндеді. Айта кетерлігі, велоспорттан Азия чемпионаты Тәжікстан астанасы Душанбе қаласында өтіп жатыр.