Аулада тұрған көлікті ұрлаған 27 жастағы ер адам ұсталды
Аулада тұрған көлікті ұрлаған 27 жастағы ер адам ұсталды
Фото: vesti-k.ru
164
оқылды

Қызылорда қалалық полиция басқармасының мәліметінше, 71 жастағы қала тұрғыны көпқабатты үйдің ауласында тұрған көлігі ұрланғанын айтып арызданды.

Сhevrolet Nexia көлігінің материалдық шығыны – 3,8 миллион теңге. Полицейлер жедел іздестіру нәтижесінде, мектептің жанынан мемлекеттік нөмірі жоқ күдікті көлікті тоқтатқан. Тексеру барысында бұл көлік ұрланған Сhevrolet Nexia екені анықталды. Күдікті ретінде облыстың 27 жастағы тұрғыны ұсталды. Тергеу басталды.

Бұған дейін темір гаражды ұрлап кеткен қызылордалық ұсталғанын жазған болатынбыз.