Пойыздардың 60 процентінің тозығы жеткен – Үкімет басшысы
Пойыздардың 60 процентінің тозығы жеткен – Үкімет басшысы
Фото: yandex.kz
216
оқылды

Үкімет басшысы мен Швейцария елшісі теміржол саласындағы стратегиялық ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады, – деп хабарлайды primeminister.kz.

Премьер-министр Әлихан Смайылов Швейцария елшісі Давид Грифтингпен кездесіп, теміржол саласындағы стратегиялық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ жылжымалы құрамды жаңарту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіп жатыр. Олардың шамамен 60 пайызы тозған. Сондықтан оларды біртіндеп жаңартуымыз керек», – деді Смайылов.

Швейцария тарапы пойыздарды жаңартып, логистиканы дамытуға қызығушылық танытып отыр.