Бір дөңгелегі жоқ автобуспен жолаушы тасымалдаған жүргізуші ұсталды – видео
Бір дөңгелегі жоқ автобуспен жолаушы тасымалдаған жүргізуші ұсталды – видео
Фото: lada.kz
230
оқылды

Полицейлер бір дөңгелегі жоқ автобуспен жолаушы тасымалдаған жүргізушіні анықтады. Бұл туралы Lada.kz жазды.

Ақтауда дөңгелегі түгел емес автобуспен жолаушы тасымалдаған жүргізушінің әрекетін видеоға жергілікті тұрғын түсіріп алған. Куәгердің видеосынан №104 бағыттағы автобустың сол жағындағы артқы дөңгелегінің бірі жоқ екенін анық байқауға болады.   https://youtu.be/nKF2JTchx_E   Осы жайттан соң Мұнайлы ауданының полицейлері жүргізушінің кім екенін анықтады. Оқиғаның мән-жайы тексеруден соң анықталады. Автобус жүргізушісі айыппұл төлеп, жауапқа тартылуы мүмкін.

Бұған дейін Алматыда автобустың төбесінде отшашу атқандар ұсталған еді.