Алматыға таяу маңда жер сілкінді
Алматыға таяу маңда жер сілкінді
Фото: dip.org.ua
156
оқылды

Төтенше жағдайлар министрлігі «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістеме экспедициясы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі бүгін 06 сағат 32 минутта жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 112 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан. Зілзаланың энергетикалық санаты – 10.4. MPV магнитудасы – 4,9. Тереңдігі – 30 км. MSK-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат түскен жоқ.

Бұған дейін «Алматы зілзалаға дайын ба?» деген мәселені жазған болатынбыз.