Үкімет құрамына қарамастан, Парламент алдында жауапты болуы керек – Паскаль Лоро
Үкімет құрамына қарамастан, Парламент алдында жауапты болуы керек – Паскаль Лоро
Фото: gov.kz
186
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауына қатысты Франциядағы Шуазель институтының президенті Паскаль Лоро пікір білдірді.

– Жоғары мәртебелі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауымен танысып шықтым. Менінше, саяси өмірді реформалау басым бағыт болуы керек. Бұл парламент рөлінің күшеюімен, ашық сайлаулар (билік органдары тікелей тағайындайтын сайланбалы лауазымды тұлғалардың аз болуы), азаматтық қоғам пікірін білдіру кеңістігі кеңеюі керек. Сондай-ақ саяси өмір мен қоғамдық өмірді реформалауға қарсы тұру үшін үкімет пен биліктегі көпшілік топтың арасында алшақтық қажет. Үкімет құрамына қарамастан, Парламент алдында жауапты болуы керек; Елдегі елеулі саяси эволюциясыз Қазақстанның халықаралық аренаға нақты шығуы мүмкін емес; Сайып келгенде, экономикалық дамудың мақсаты саяси ұйымдасу режимін елеулі қайта қараумен және азаматтық қоғамға қосымша еркіндік берумен қатар жүрмейінше, оған қол жеткізу мүмкін емес. Бұл реформаларды іске асыруда қолдау көрсетуге әзірміз. Халық үшін  барлығы жақсы болады деп үміттенемін.