Әділет министрі Қайрат Сатыбалдының ұсталуына қатысты пікір білдірді
Әділет министрі Қайрат Сатыбалдының ұсталуына қатысты пікір білдірді
Фото Inbusiness.kz
223
оқылды
Әділет министрі Қанат Мусин журналистердің Қайрат Сатыбалдының ұсталуына қатысты сауалына жауап берді. 
«Ең алдымен, заң Елбасының отбасы мүшелерін айқындайды. Ал немере туыстары бұған кірмейді. Екіншіден, қателеспесем, «Тұңғыш Президент туралы» Заңда Тұңғыш Президентті, онымен бірге тұратын отбасы мүшелерін қылмыстық жауапкершілікке тартуға болмайтыны айтылған. Яғни, оларға айып тағуға болмайды. Бірақ айып тағу үшін тергеуге тыйым салынбаған», – деді ол.
Министрдің айтуынша, тергеу, қандай да бір іс-қимыл болуы мүмкін.
«Заңда көрсетілген тұлғаларды ұстауға және тұтқындауға болмайды. Оған заң тыйым салады. Бірақ оларға сұрақ қоюға және жауап алуға тыйым жоқ», – деді Қанат Мусин.
Бұған дейін белгілі кәсіпкер Қайрат Сатыбалды мен оның бұрынғы әйелі ұсталғанын жазған болатынбыз.