“45 млн теңгеге үш үй алып беремін”: алматылықты алдап кеткен атыраулық әйел ұсталды
“45 млн теңгеге үш үй алып беремін”: алматылықты алдап кеткен атыраулық әйел ұсталды
132
оқылды
45 млн теңгеге үш үй алып беремін деп алматылықты алдап кеткен атыраулық әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 18 наурыз күні 40 жастағы Алматы қаласының тұрғыны полицияға шағымданып, өзінің алданғаны туралы айтқан. Айтуынша, оны 44 жастағы азамат Атырау қаласынан элиталық үш бірдей үй алып беремін деп сендірген. 45 млн теңге ақшасын иемденіп алған. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу кезінде алаяқтықпен айналысқан атыраулық 44 жастағы әйелді анықтады. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 190-бабымен (Алаяқтық) қылмыстық іс тіркеліп, тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.