Қазақстан Украинаның мұқтаж азаматтарына гуманитарлық көмектің жаңа партиясын жіберді
Қазақстан Украинаның мұқтаж азаматтарына гуманитарлық көмектің жаңа партиясын жіберді
165
оқылды
Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі арнайы рейс ұйымдастырып, Алматы қаласынан Польшаның Катовице қаласына Украина азаматтарына гуманитарлық көмектің кезекті партиясын жеткізді. Жалпы салмағы 17,5 тонна болатын жүк төсек-орын және тамақ сияқты қажетті заттарды қамтиды. Бұған дейін Қазақстан жалпы салмағы 28,2 тонна болатын 17 түрлі дәрі-дәрмек – антибиотиктер, қабынуға қарсы, жөтелге қарсы және антигипертензивті препараттар түрінде гуманитарлық көмек жіберген болатын. Көрсетілген көмек Украина тарапының өтініші негізінде Мемлекет басшысының бұған дейін берген тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылды. Қайтар жолда жүкті жеткізген «Бүркіт» мемлекеттік әуекомпаниясының Ил-76 ұшағы қазақстандық дипломаттардың көмегімен Украинадан Польшаға келген ондаған Қазақстан азаматы мен олардың отбасы мүшелерін алып келеді деп жоспарлануда.