Қазақстанда кризис емес, керісінше табысты ел – ресейлік бизнесмен
Қазақстанда кризис емес, керісінше табысты ел – ресейлік бизнесмен
©inbusiness.kz
171
оқылды

Ресейлік кәсіпкер Қазақстанға 20 миллион доллар құйып, мейрамхана мен монша ашуда.

Ресейлік бизнесмен, Bulldozer Group холдингтің президенті Александр Орлов бүгінде Қазақстанға 20 миллион доллар кұйып, бизнесін өркендетуде. Қазір ол Алматыдан мейрамхана, кофейня мен ойын-сауық орталығын ашса, елордада монша ісін қоспақ. Бұл туралы ол Арманжан Байтасов BaitassovLive-ке берген сұхбатында айтқан. – Қазір Қазақстанда кризис емес. Керісінше, табысты ел. Мемлекет осы сәтті пайдаланып, саясатты дұрыс бағытта жүргізсе, табысқа кенелуі мүмкін. Осыны былтыр түсініп, бизнес бастадым. Сөйтіп, Қазақстанға 20 миллион долларға  инвестиция құйып, алдағы бірнеше жылда іске асатын жобаларым бар. Соның бірі – астанадан монша кешенін ашу. Оның өзіне 8 миллион доллар құйылды, – дейді Александр Орлов. Оның айтуынша, ағаштан соғылған кабиналарға арнайы пеш орнатылып, караоке мен мейрамханаға дейін болады. Тіпті, мұндай монша Қазақстанда бұрын-сонды болмаған екен. Қазір Александр Орловтың Қазақстан, Украина, Біріккен Араб Әмірліктері, Гонконг, АҚШ, Сауд Арабиясы және басқа елдерде ондаған мейрамхана желісі бар. Ресейдің өзінде 80-ге жуық мейрамханасы бар. Белгілі кәсіпкер мейрамхана саласын дамытуға қосқан үлесі үшін марапатталған болатын.