Жүргізушілерге көлік салығын төлеу ескертілді
Жүргізушілерге көлік салығын төлеу ескертілді
177
оқылды
Жеке тұлғаларға 2021 жылға көлік салығын төлеу мерзімі 1 сәуірде аяқталады. Алматы қалалық мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі 2021 жыл үшін жеке тұлғалардан көлік құралдарына салық төлеу мерзімінің биыл 1 сәуірде аяқталатынын хабарлады. Салық сомасын «Е-Salyk-Azamat» мобильді қосымшасындағы калькулятордың көмегімен, www.kgd.kz сайтынан немесе 1414/3 бірыңғай байланыс орталығына хабарласып білуге болады.
«Төлеу мерзімі өткеннен кейін салық төлемеген тұлғалар салық заңнамасының нормаларына сәйкес банк қызметтерін ала алмайды. Оның ішінде банк шоттарын аша алмайды, аударымдар жүргізе алмайды, несие ресімдей алмайды тағы сол сияқты. Мерзімі өткен әрбір күн үшін ҚР Ұлттық банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің 1,25 еселенген мөлшерінде өсімпұл есептеледі», - деп түсіндірді Алматы мемлекеттік кірістер департаментінде.
Бұдан басқа, салық органдары мәжбүрлеп өндіріп алу мақсатында сот орындаушыларына салық бұйрықтарын жібереді. Олар борышкерлерге қатысты шараларды, оның ішінде мүлік пен банк шоттарына тыйым салуды, сондай-ақ елден тыс жерлерге шығуды шектеуді қолданады. Сонымен қатар, қарыз сомасының 25% -ын құрайтын сот шығындары ұсталуда.
«Салық төлемеуге байланысты жағымсыз жағдайларды болдырмау үшін автокөлік иелерін жақын күндері көлік құралдары салығын төлеуге шақырамыз», - дейді аталған ведомстводан.