16 жастағы қазақстандық спортшы әлем чемпионатында «алтын» алды
16 жастағы қазақстандық спортшы әлем чемпионатында «алтын» алды
230
оқылды

Қазақстандық спортшы Анастасия Городко фристайл-могулдан жастар арасында әлем чемпионы атанды.

28 наурызда Италияда фристайл-могулдан жастар арасында әлем чемпионатының соңғы жарыс күні өтті. Қыздар арасында параллельді могул бойынша сынға түскен отандасымыз жарыс жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҰОК. Айта кетелік, Анастасия Городконың аталған әлем біріншілігіндегі бұл - үшінші медалі. Ол осыған дейін қыздар арасында жекелей сайыс пен аралас (микс) санаты бойынша күміс жүлдені жеңіп алған болатын.