Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин бұдан былай «+77» және «+76» халықаралық кодтардан түсетін қоңыраулар да «Қазақстан» деп көрсетілетінін мәлімдеді. Бұған дейін аталған кодпен түскен қоңырауларда «Ресей Федерациясы» деген жазу шығатын еді. «Apple өтінішімізді барынша жылдам қарастырып, бізге ықылас танытқанын атап өткім келеді. Сөйтіп iOS 14 қолдайтын iPhone 6 және одан кейінгі құрылғыларда аталған проблема шешілді», – дейді министр.