Басқа бәле тілден
Басқа бәле тілден
231
оқылды
«Европа плюс Казахстан» радио арнасының радиожүргізушісі әлеуметтік желідегі жазбасы үшін жауапкершілікке тартылады. Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдірахманов радиотілшінің үстінен Қылмыстық кодекстің 174-бабына («Ұлтараздықты қоздыру») сай қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. «Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу қалалық Полиция департаментінің Тергеу басқармасына тапсырылды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Олардың қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Қылмыстық істі тергеудің барысы мен нәтижесі Алматы қалалық Полиция департаментінің бақылауында», – дейді Рүстем Әбдірахманов. Кеше «Европа плюс Казахстан» радио арнасы «шеттен шыққан» қазақстандықтардың мәселесін шешуге «Вова» көкесін» шақыратынын жариялаған журналистпен еңбекшартын бұзғанын хабарлаған еді.